바로가기 메뉴 본문 바로가기 주메뉴 바로가기
Елшілік

Елшіліктің қызметі

  1. Елшілік
  2. Елшіліктің қызметі
  • Font Size

Қазақстандағы корейлер қауымдастығының Астана филиалы ұйымдастырған Сольналь мерекелік мәдени шарасына Корея Республикасының елшісі ЧжоТэ-ик мырза қатысты  

DATE
2025-01-31

Қазақстандағы корейлер қауымдастығының Астана филиалы ұйымдастырған Сольналь мерекелік мәдени шарасына Корея Республикасының елшісі ЧжоТэ-ик мырза қатысты  

25 қаңтар (сенбі) күні Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі ЧжоТэ-ик мырза Қазақстандағы корейлер қауымдастығының Астана филиалы ұйымдастырған Сольналь мерекелік мәдени шарасына қатысты.  

Құттықтау сөзінде елші Чжо Тэ-ик Сольнальдың корей халқының дәстүрлі мерекесі екенін, оның ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні тойланатынын атап өтті. Ол осындай маңызды күні корей диаспорасымен бірге болып, мерекені атап өтуге, мәдени бағдарламаны тамашалауға және бірлікті нығайтуға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін білдірді.  

Сондай-ақ, елші Чжо Тэ-ик корей диаспорасының дамуына ерекше ықыласпен қараған жандардың көшбасшылығы мен еңбегін, сондай-ақ жас буынның қауымдастық іс-шараларына белсенді қатысуын атап өтті. Ол Астана корей қауымдастығының тұрақты дамып келе жатқанын айтып, оның атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.


loading