Жиі қойылатын сұрақтар
1. K-ETA-дан бас тартылды, оның себебін қалай білуге болады?
● K-ETA Корея Республикасының Әділет министрлігінің басқарылуында, сондықтан k-eta сайты Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне қатысы жоқ.
2. Егер әуежайдан шықпасам, транзиттік виза немесе K-ETA қажет пе?
● Жолаушылар төлқұжат бақылауынан өтпесе виза мен K-ETA қажет емес.
● Басқа әуежайға көшу және багажды алу үшін кіруге виза немесе K-ETA керек.
3. Онлайн виза алуға бола ма?
● Визаға құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушінің өзі немесе сенім білдірілген тұлғаның болуы міндетті, сондықтан онлайн режимінде беру мүмкін емес.
4. Басқа адам менің орныма визаны алып кете ала ма?
● Басқа адам визаға құжаттарды тапсырған кезде берілген қолхатты көрсеткен жағдайда алып кете алады.
5. Егер мен оңтүстік аймақта тұрсам елшілікке визаға тапсырсам бола ма?
● Өкінішке орай, жоқ. Оңтүстік өңірде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары тек Алматыдағы Бас консулдыққа өтініш бере алады.
6. Қосымша ақы төлеу арқылы визаны тездетуге бола ма?
● Өкінішке орай, жоқ. Визаның барлық түрлері үшін белгіленген ақы бар және қосымша төлем талап етілмейді. Барлық визалар кезек бойынша қарастырылады және жеделдету процесі жоқ.
7. Қазақстан азаматтарына жұмысқа қалай баруға болады?
● Қазақстан азаматтарына жұмыс визасын ашу жайлы ұсыныс әлі талқылау сатысында, нақты ақпарат шыққан жағдайда біздің сайтта қосымша жарияланатын болады.