바로가기 메뉴 본문 바로가기 주메뉴 바로가기
Елшілік

Елшінің сәлемдесу сөзі

  1. Елшілік
  2. Елшінің сәлемдесу сөзі
1

Сәлеметсіздер ме?
Сіздерді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің сайтында қарсы алуға қуаныштымын.

Сәлеметсіздер ме!

Менің атым Чжо Тэ-ик, мен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісімін. Сіздерге қымбат уақыттарыңызды бөліп, Елшілігіміздің сайтына кіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Жаңа 2025 жыл - Жылан жылы келді. Биылғы жыл барлықтарыңыз үшін жемісті әрі бақытты болады деп шын жүректен үміттенемін.

1992 жылғы қаңтарда дипломатиялық қатынастар және 2009 жылы стратегиялық әріптестік орнағаннан бері Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы экономикалық өзара толықтыру мен мәдени жақындыққа негізделе отырып саясат, экономика және мәдениетті қоса алғанда, түрлі салаларда өзара тиімді достық ынтымақтастықты дамытуда.

Атап айтқанда, өткен 2024 жыл біздің елдеріміз арасында стратегиялық әріптестік орнатудың 15 жылдығымен атап өтілді, және де маусым айындағы екі мемлекет басшыларының келіссөздері мен өткен жылдың қазан айындағы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы мен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының басшылары арасындағы кездесуді қоса алғанда, жоғары деңгейдегі сапарлардың белсенді алмасуының арқасында, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі тығыз бола түсті.

Өткен жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Үкіметі «К-Жібек жолы (K-SILK Road), Корея Республикасы мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық бастамасына» толық қолдау білдірді. Өңірмен жан-жақты ынтымақтастықтың осы тұңғыш тұжырымдамасына сәйкес, Корея үкіметі энергетика және минералдық ресурстар саласындағы әріптестік қатынастарды нығайтуды, Қазақстан Республикасын қоса алғанда, Орталық Азияның бес елімен инфрақұрылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды және біздің елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарға негізделген перспективалық әріптестікті кеңейтуді жоспарлауда.

Соңғы кездері екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық та белсенді дамуда. Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы Корея Республикасының ірі сауда-инвестициялық серіктесі болып табылады және біздің елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастық мұнай-кен орындарын игеру, өңдеу өнеркәсібі, зауыттар салу секілді дәстүрлі салаларда ғана емес, сонымен қатар атом энергетикасы, сандық технологиялар және сирек жер минералды ресурстары секілді «болашақ салаларында» да үздіксіз кеңеюде.

Биылғы жыл өте маңызды, себебі биыл Кореяның азат етілгеніне 80 жыл, Қазақстанда корейлер қауымдастығының құрылғанына 35 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады.

Корея Республикасының Елшілігі Қазақстан Үкіметімен Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру саясатына жәрдемдесе отырып, Кореяның экономикалық өркендеуінің табысты тәжірибесімен бөлісуді жалғастырады, сондай-ақ Астанадағы Корей мәдени орталығының түрлі мәдени іс-шаралары арқылы екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті кеңейтетін болады. Шетелде азаматтарды қорғау және консулдық қызметтер саласында біз Алматы қаласындағы Бас консулдықпен тығыз ынтымақтасып, елдегі өмір туралы пайдалы ақпаратты жедел ұсына отырып, консулдық қорғауды жақсарту мен Қазақстан Республикасында тұратын немесе келуге ниет білдірген азаматтарымызға қызмет көрсету үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

Биыл мен барлықтарыңызға, дана жасыл жылан секілді, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де тез өзгеретін жағдайларға сәтті бейімделіп, барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңызда үлкен жетістіктерге жетіп, осы жылды дендеріңіз сау, өмірлеріңіз қуанышқа толы болып, жақындарыңызбен бірге өткізуді тілеймін.

Рақмет!

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Чжо Тэ-ик